425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматылықтар жаңажылдық отырыстарды онлайн өткізіп жатыр

  • 372
  • UPD: 22:22, 25.12.2020

Мерекені мейрамханаға бармай-ақ, үйде тойлауға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматылықтар карантин талаптарын ескеріп, енді жаңажылдық думанды отырыстарды онлайн өткізе бастаған. Мерекелік кешдің асабасы, ән мен биі, тіпті түрлі өнер байқаулары да бар.

Ғалымжан мен Дмитрий – қаладағы танымал асабалардың бірі. Той басқарып, мерекелік кештерді ұйымдастырып жүргендеріне 20 жыл болыпты. Қазір той өткізуге рұқсат жоқ. Сондықтан асабалар басқа амалын тапты. Үйлеріне онлайн той өткізуге қажетті компьютер, музыкалық аспаптарды орнатты. Монитор арқылы жиынға қатысып отырған адамдармен сөйлеседі. Осы күнге дейін асабалар 40-қа жуық онлайн той өткізіп үлгерді.

Ғалымжан Мейрамұлы, асаба:

– Әр қайсысы өз үйінде отырып, зуумға қосылып, бізбен бірге болады. Тіпті ол Алматыда, Жезқазғанда ,Талдықорғанда болсын, мейлі бәрі бірге қатысады.

Жалпы жұрт ағайын-туыс, достарымен бір көрісіп, кәукілдесіп қалатын жиын-тойды сағынғанымен қазіргідей індет жайлап тұрған кезде саулық сақтықта деген қағиданы ұстанудың маңызды екенін түсіне бастады. Сол себепті онлайн форматтағы жиындардың болғанын құп көреді. Дегенмен тұрғындардың пікірі әртүрлі. 

БЛИЦ:

– Қазір сол дұрыс шығар деп ойлаймын. Отбасыңның ортасында тойлаған жақсы ғой.

– Мен онлайн корпаративке шақырса әрине барамын.

Әрине, кәдімгі тойға қарағанда онлайн түрінде мереке өткізудің құны елу пайызға арзан. Шығыны аз әрі қауіпсіз.

Авторлары: Алмас Садуақас, Әсем Қосшығұлова,Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы