Қостанай облысы Шолақсай ауылының маңындағы су бөгетінің құрылысы биыл аяқсыз қала ма деген күдік болған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Нысан қыркүйек айында тапсырылуы тиіс еді. Бірақ жұмыс күздің аяғына дейін созылды. Бастапқыда авторлық қадағалау мекемесінің өкілдері көлдің су денгейін кемітіп көрсеткен. Оны ағызып жіберуге бір ай уақыт кеткен. Кейін құжат рәсімдеуде қателік жіберілгендігі анықталды. Құқық қорғау органдары топырақ тасуға тыйым салып, бір айға жұмысты тоқтатып тастаған. Созбаққа түскен бөгет құрылысы әйтеуір қысқа жетпей аяқталды. Бұл жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 99 миллион тенге бөлінген.
Александр Шавлак, Шолақсай ауылдық әкімдігінің бас маманы:
– Су өткізетін арнасы кеңейтілді. Оған да біршама уақыт кетті. Себебі оны кеңейтіп қана қоймай, 5-6 метрге дейін тереңдетілді. Айналма арнасы да тазартылды. Енді бұл аумақты су басу қаупі сейілді десе болады.