Атырау облысында соңғы тәулікте 62 адам ауру жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның 12-сі мұнайлы шаһардан анықталса, 32-сі Теңіз кенішінде тіркелген. Қалғаны аудандағы тұрғындар арасынан анықталып отыр. Атырау облысы – эпидемиологиялық ахуал бойынша қызыл аймақтағы жалғыз өңір. Жаңа жыл мерекесінде Аяз ата мен ақшақарды күтудің қажеті жоқ. Себебі оларға үй-үйді аралап жүруге тыйым салынды. Корпоративтік кештерге рұқсат жоқ.
Айым Ұнашәлиева, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бд бөлім басшысы:
– Мереке күндері Аяз ата мен ақшақарды үйге шақыруға, сондай-ақ олардың қызмет көрсетуіне тыйым салынады. Себебі олар қауіпті індетті таратушылар болуы мүмкін. Сондықтан әр адамның өмірі біз үшін қымбат. Қойылған шектеуге құлақ асу ерек екенін ескертеміз.