421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда мүмкіндігі шектеулі 300 балаға жаңажылдық сыйлық таратылды

  • 146
Алматыда мүмкіндігі шектеулі 300 балаға жаңажылдық сыйлық таратылды

Балдырғандар өлең оқып, би билеп өнер көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аяз атаның дорбасында қысқы киімдер, азық-түлік және басқа да қажетті заттар бар. Жаңа жылдың қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған 50 мыңнан астам отбасыға сыйлық берілген. Бүлдіршіндердің тілектерін орындауға қалалық әл-ауқат басқармасының мамандары атсалысты.

Рахилям Махпирова, қалалық әл-ауқат басқармасы қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілік бөлімінің жетекшісі:

– Жаңа жылда барлық балаға зор денсаулық тілейміз. Аңсаған армандарына жетуіне тілектеспіз. Адамдарды жақсылық жасауға, мұқтаж жандарға қол ұшын беруге шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы