419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық қорғаныс университеті 16 ғылыми жоба дайындап шығарды

  • 152
  • UPD: 22:30, 25.12.2020
Ұлттық қорғаныс университеті 16 ғылыми жоба дайындап шығарды

Оларды отандық қорғаныс кәсіпорындары мен күштік құрылымдар кәдеге жаратуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жобалардың бірі – «Шағала». Бұл барлауға арналған ұшқышсыз аппарат. Қазір оны полигондық сынаққа дайындап жатыр. Тиімділігі расталса, отандық өнім шетелдікінен арзан әрі пайдалы болады. Әскери техникадағы отынды үнемдеуге арналған сутекті қондырғы да кәделі жоба. Білім ордасының технопаркінде арнайы әскери ғылыми-технологиялық желі құрылған. Тәжірибелер сол жерде сыналады. Көпшіліктің көңілінен шыққан жобалардың тағы бірі – арнайы геоақпараттық платформа. Ол барлық әскери қызметкерлерге қолжетімді болады.

Ерлан Зәкиев, полковник, аға оқытушы:

– Жобаның басты мақсаты – қарулы күштер мен басқа да әскери құрылымдарды бірыңғай геоақпараттық платформаға біріктіру. Ол жергілікті аймақты бағалап, арнайы графикалық құжат дайындауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, бұл бағдарламада мұндай құжаттарды 3D форматта визуалды түрде көруге болады. Оны офицерлер ғана емес, сержант пен сарбаздар да пайдалана алады. Тілі қарапайым. Келешекте біздің бағдарлама жүктелген арнайы модуль әр сарбаздың қолында болады.

Хабар 24 телеарнасы