426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда мүмкіндігі шектеулі балаларды дамытатын орталық ашылды

  • 242
  • UPD: 08:03, 26.12.2020
Петропавлда мүмкіндігі шектеулі балаларды дамытатын орталық ашылды

Петропавлда мүмкіндігі шектеулі балаларды дамытатын алғашқы орталық ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол сөйлеу қабілетінің тежелуі, тірек қимыл аппараты бұзылған және даун синдромына шалдыққан балаларға арналған. Бұл жерде педогог-психологтармен тәрбиешілер бала бойындағы ауытқушылықтарды жойып, қарым-қабілеттерін арттырып, оларды қоғамға бейімдейді. Сондай-ақ ата-аналарға да түрлі психологиялық қолдау көрсетіледі.

Айта кету қажет, Солтүстік Қазақстан облысында бұрын-соңды мұндай оңалту орталығы болмаған. Оны ашуға ұстаздардың бірі мұрындық болды. Өзі осы жерде волонтер ретінде астрономия үйірмесін тегін жүргізбек.

Дина Құдабаева, орталықтың негізін қалаушы:

- Біз испандық Пабло Пенедамен әріптестік орнаттық. Ол әлемдегі даун синдромына шалдығып, алғашқылардың бірі болып жоғарғы оқу ордасын тәмамдаған азамат. Қазір колледжде педагог. Алдағы уақытта сол кісімен онлайн форматта тәжірибе алмасып отыратын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы