432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде жақындарынан көз жазып қалған кейуана олармен 30 жылдан кейін қауышты

  • 213
  • UPD: 15:12, 26.12.2020

Ақтөбеде қарт ана туған-туыстарын тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол осыдан 30 жыл бұрын жақындарынан көз жазып қалған. Әлеуметтік желіге жарияланған бейнежазбадан оны туыстары танып қалған. Қазір кейуана немере-шөберелерінің қолына келіп, жайлы өмір сүріп жатыр.

Әнуарбек Мырзатайұлы, тілші:

- Ұзақ жылдан кейін ағайын жұртымен қайта қауышқан Ольга әжейдің қуанышында шек жоқ. Ол 1980 жылдары жолдасы қайтыс болған соң өзге азаматпен бас қосып, жақындарынан көз жазып қалған. Қанша рет табуға тырысқанымен, еш нәтиже болмапты. Тек волонтерлер көмектесіп, әлеуметтік желіге жариялағаннан кейін ғана хабар алмасқан.

Диана Кирьянчук, шөбересі:

- Әжей туралы бұрын анам айтып жүрді. Мен ол кісіні өте алыста тұрып жатқан шығар ойлап жүрдім. Кейін «үйге алып келеміз» деді. Содан бөлме әзірлеп, дайындалдық. Кейін сөйлесе келе, бір-бірімізге жақындай түстік. Енді әжеміздің барына қуанамыз.

Кейуана соңғы алты жылда Ақтөбедегі ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықта тұрған. Ол жерге Темір ауданындағы Еңбекші ауылынан жеткізіліпті. Оның ертеректе жоғалтқан төлқұжатын қайта жасатып, жеке басын растау да  көші-қон полициясына оңай болмапты. Ал, өзі Атырау облысында дүниеге келіп, ауылда еңбек еткенінен басқа жарытып ештеңе айтпаған.

Раиса Дармышева, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман:

- Негізі бізде 6 жыл тұруға болмайды. Бір-ақ жыл ғой мерзімі. Бірақ енді ол кісі қайда барады? Біз бірнеше мәрте Атырау қаласына да АХАЖ бөліміне жазып, сұраныс жіберген болатынбыз. Бірақ ондай адам тіркелмеген деді. Сосын осы жақтың көші-қон полициясы туу туралы куәлігі болмағандықтан, басын растайтын ешқандай құжат болмағандықтан, жеке басын куәландыратын. Сондықтан іс тоқтатылып, кейін қайтарылды.

Әлеуметтік орталықта дәл осындай жайт соңғы рет алты жыл бұрын болыпты. Ол кезде Ресей мен Германияда тұратын азаматтар келіп, қарттарын алып кеткен.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы