Омбыда екі айлық сәби санавиациямен Нұр-Сұлтанға жеткізілді
- 135
- UPD: 11:45, 26.12.2020

Жағдайы ауыр екі айлық қазақстандық Омбыдағы облыстық балалар клиникалық ауруханасынан Нұр-Сұлтанға санавиация бортымен жеткізілді.
Бұл туралы ҚР РФ-дағы Елшілігінің сайтында мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Омбыдағы Қазақстан Республикасының консулдығы көмегімен сол қаладағы Новомск учаскелік ауруханасынан санавиация борты жағдайы ауыр екі айлық Қазақстан азаматын Нұр-Сұлтанға жеткізді. Рейсті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырд
Мамандар сәбиді елордаға жеткізерден бұрын оның диагнозын алдын ала қарап шығып, Омбыға үшып келісімен қарқынды ем-дом жүргізуді қолға алды.
Қазір пациенттің жағдайы бірқалыпты. Дәрігерлер толық емдеу бағдарламасын бастап кетті», делінген хабарламада.