419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада жылыту маусымы басталғалы 20 адам өрттен мерт болды

  • 118
  • UPD: 13:42, 26.12.2020
Елордада жылыту маусымы басталғалы 20 адам өрттен мерт болды

Елордада соңғы екі аптада 4 адам тілсіз жаудың құрбаны болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, жылыту маусымы басталғалы бері 600 мәрте өрт шығып, салдарынан 20 адам қаза тапқан. Мамандар «қайғылы жағдайдың көбі жеке секторларда болады», дейді. Ол аздай, өрт салдарынан көз жұмғандардың жартысынан көбі мас күйінде болатын көрінеді. Құтқарушылар алдағы Жаңа жыл мерекесінде азаматтардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Сондықтан жеке құрам бүгін жер үйлердегі тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар шыршаны сәндегенде сапалы шамдар пайдаланып, от жаққанда оны шамадан тыс қыздырмауға кеңес береді.

«Сондай-ақ кемі әр ай сайын пештің мұржасын тазалап отырған жөн», - деп отыр. Себебі көп жағдайда осындай қарапайым қауіпсіздік шараларының сақталмауы қайғылы жағдайға алып келетін көрінеді.

Есен Байыров, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басшысының орынбасары:

- Кейбір үйлерде балаларды жалғыз қалдырып кетеді. Олар сосын отпен ойнайды. Сондай себептер де бар. Сондықтан қазір әр үйге 8 учаске бойынша әр жер үйге кіріп, ақпараттық насихат жүргіземіз.

Хабар 24 телеарнасы