429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда отшашуларды заңсыз сату дерегі көбейді

  • 232
  • UPD: 15:15, 26.12.2020

Жаңа жыл жақындаған сайын пиротехникалық заттардың саудасы қыза түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл күндері еліміздің көптеген өңірінде отшашуларды заңсыз сатудың жолын кесу мақсатында рейд жүрігізіліп жатыр. Мәселен Павлодарда 7 кәсіпкерге айыппұл салынды. Құтқарушылар халыққа қауіпті заттарды қолданудың салдарын түсіндіруге кірісті.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Базарда пиротехникалық заттарды заңсыз сатып тұрған мына әйелге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ол енді 69 мың теңге айыппұл төлейді.

Сағдат Әнес, қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері:

- Облыс аумағында заңсыз пиротехникалық бұйымдарды сату орындарына рейд жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында заңсыз сату фактілері орын алды. Сол бойынша полиция басқармасының қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырып, пиротехникалық бұйымдарды тәркіледі

Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Ал мына отшашуларға қарап Павлодардың кейбір тұрғындарының мерекені бастап кеткенін аңғару қиын емес. Арнайы жүргізілген рейд барысында пиротехникалық заттарды заңсыз саудалағандарға әкімшілік жаза қолданылды.

Нұржан Тумырза, қалалық орталық полиция  бөлімінің инспекторы:

- Отшашуларға қатысты жеті материал толтырылып, пиротехникалық заттар тәркіленді. Ереже бұзған әрбір адамға 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Заңсыз сауда иелерінің 70 мың теңге айыппұлдан айтарлықтай шығынға батпасы анық. Ал сапасы нашар бұйымдар адам өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан білікті мамандар күмәнді заттарды алудан бас тартуға шақырады.

Анна Бородина, пиротехникалық заттар дүкенінің директоры:

- Барлық пиротехникалық заттар қауіпті. Оларды қуаттылығына қарай бөлеміз. Оны қолданған кезде қуаттылығы қандай жоғары болса, соншалықты сақтық танытқан жөн.

Анатолий Малимунда отшашулардың лицензиясы бар. Мамандырылған дүкендерден алуға тырысады. «Балаларға қуаныш сыйлау керек, бірақ олардың қауапсіздігі бірінші орында тұру тиіс», - деді ол.

Анатолий Малимон, кәсіпкер:

- Отшашуларды қолданудың арнайы техникасы бар. Мен алдымен сымдарын тартып шығарамын Одан кейін электронды тетікті іске қосамын.

Пиротехникалық заттарды сатуға арнайы лицензия беріледі. Олардың саны Павлодарда көп емес. Ал кез келген отшашуды сатып алмас бұрын сауда сертификатымен қоса оның нұсқаулықтарымен де жіті танысқаныңыз абзал.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов

Хабар 24 телеарнасы