420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өткен тәулікте авиажолаушылардың 10%-і ПТР анықтамасыз келген

  • 112
  • UPD: 15:23, 26.12.2020
Өткен тәулікте авиажолаушылардың 10%-і ПТР анықтамасыз келген

Өткен тәулікте елге келген халықаралық әуе рейс жолаушыларының кемі 10%-і ПТР анықтамасыз келген.

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мамандары мәлімдеді. Жалпы алғанда 2285 жолаушының 2079-ында тестің теріс қорытындысы болған. Ал, 206 Қазақстан азаматы қонған бетте ПТР –тест тапсырды. Комитет мәліметінше, өткен тәулікте ел төңірегіне Австрия, Египет, Түркия, Қытай, Грузия, Ресей, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келген.

Хабар 24 телеарнасы