420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаудағы саябақтардың бірі таңғажайып ертегі әлеміне айналды

  • 138
  • UPD: 18:07, 26.12.2020

Ақтауда саябақ жаңа жылдық шамдармен безендірілді. Қаланың төменгі бөлігінде орналасқан демалыс орны жаңа жылдық жарықтармен безендірілді.

150 шырша мен басқа да ағаштарға түрлі-түсті шамдар жағылып, Каспий жағалауындағы ақ маржан қала жарқырай түсті. Бұл жергілікті меценаттардың тартуы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, саябақты жарықтандыру жұмысы аяқ-астынан қабылданған шешім емес. Бірнеше жылдан бері жоспарда болған. Алайда биылғы пандемиядан қажыған қала тұрғындарына қуаныш сыйлау мақсатында жоба осы жылы жүзеге асырылды. Мұнда  естелікке суретке түсу үшін арнайы фотоаймақтар да жасалды. Саябаққа келген қала тұрғындары мерекелік көңіл-күйдің сезіле бастағанын айтады.

Ерғазы Өмірзақов, қала тұрғыны:

- Өте ұнады. Біз мінеки бала-шағамызбен қыдырып жүрміз. Қалай айтсам екен, өте күшті әсер алдық. Қиын-қыстау кезде пандемияда аз ғана болса да қуаныш сыйлап, соны ұмытып, күшті болып, күшті әсердеміз.

Хабар 24 телеарнасы