418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанға 738 адам ПТР анықтамасыз ұшып келді

  • 73
  • UPD: 15:38, 28.12.2020
Қазақстанға 738 адам ПТР анықтамасыз ұшып келді

Шетелден келген азаматтар арасында ПТР анықтамасы жоқтар азаймай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айталық, өткен тәулікте Қазақстанға 19 халықаралық рейспен 2 832 адам келген. Солардың 738-і ұшаққа отырар алдында  ковидке тест жасатпаған.

Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан әуежайында 315, Алматыда 423 жолаушының тиісті медициналық құжаты болмағаны анықталды. Олар сынама тапсыру үшін карантиндік стационарға жатқызылды. Қазір талдау қорытындысын күтуде, деп хабарлайды санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі.

Хабар 24 телеарнасы