420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда балкондары қисайған апатты тұрғын үй кешені жөнделді

  • 130
  • UPD: 12:09, 28.12.2020
Нұр-Сұлтанда балкондары қисайған апатты тұрғын үй кешені жөнделді

Нұр-Сұлтанда балкондары қисайған апатты жағдайдағы «Орбита» тұрғын үй кешені жөнделді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағдарламасы бойынша 2020 жылы жаңартылған көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің жалпы саны 50-ден асады. Сонымен қатар 100-ге жуық лифт жөнделіп, ауыстырылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Тағы бір қауіпті көп пәтерлі тұрғын үй кешені «Орбитаны» жөндеуден өткіздік. Бұл тұрғын үй кешені халық арасында қисық балкондары бар үй ретінде белгілі. Тұрғындар балкондар қатты жел кезінде қабырғалардан алшақтап, сыртқы плиталардың ұшатынын айтқан. 

Аталған тұрғын үй кешені 10 жыл бұрын проблемалық үй болып танылды. Ол екі ғимараттан тұрады. Нысан сол кезден бері пайдалануға берілмеген. 340 отбасының проблемасын шешу үшін жөндеу жүргіздік. Қауіпті қасбетті толық алмастырдық, оның негізгі құрылыстарын күшейттік, балкондар витраждарын ауыстырдық және т.б. Көп пәтерлі тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Пәтерлер аумағын өлшеу мен тұрғындарға техникалық паспорт беру жұмыстары жүріп жатыр», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Аталған тұрғын үй кешенінің тұрғыны Ләззат Хасанова қатты желмен балкондар қабырғадан алшақтап кеткенін атап өтті.

«Қатты жел кезінде біздің балкондар қабырғадан алшақтап кетті. Пәтерімде балкон мен қабырға арасы ашылып, саңылау ұлғайды. Жел тоқтаған кезде балкондар орнына қайта түсті. Біз осындай қорқынышты жағдайда өмір сүрдік. Үкімет бізге назар аударып, бүлінген қасбетті толығымен ауыстыруға көмектесті. Апаттық балкондар толығымен ауыстырылды. Балкондар қорқынышты жағдайда болды және адам өміріне қауіп төндірді», - деді Ләззат Хасанова.

Бұған дейін осыған ұқсас мәселелер проблемалық «Территория комфорта - 2» үйінде болған. Онда да ауқымды жөндеу жұмысы жүргізіліп, кешен пайдалануға берілді.

Хабар 24 телеарнасы