420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қай өңірлерде оқушылар коронавирусты көп жұқтырған

  • 137
  • UPD: 14:38, 28.12.2020
Қай өңірлерде оқушылар коронавирусты көп жұқтырған

Оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирустың 3658 жағдайы тіркелді.

Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ОКҚ брифингінде айтты.

«Ауырған оқушылардың ең көп саны Шығыс Қазақстан, Павлодар, Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген.

Оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 994 жағдай, бұл оффлайн режимде оқитындардың жалпы санының 0,1%-і, қашықтықтан оқитын балалар арасында 2 664 жағдай тіркелді», - деді М.Шоранов.

Хабар 24 телеарнасы