423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Инфекцияның 52 түрі бойынша жұғу көрсеткіші төмендеді

  • 341
  • UPD: 15:20, 28.12.2020
Инфекцияның 52 түрі бойынша жұғу көрсеткіші төмендеді

Биыл туберкулез көрсеткіші 22 процентке азайған. Ал вирустық гепатит 42 процентке төмендепті. Қызылша 3 есеге, сальмонеллез 2, менингит 1,8 есеге кеміген.

Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді. Безгек, полиомиелит, тырысқақ сияқты қауіпті инфекциялар тіркелмеген. Инфекцияның 52 түрі бойынша көрсеткіш төмендеген. 

Вице-министрдің айтуынша, инфекциялық ауру шықпауы үшін, азық-түлік қауіпсіздігіне бақылау үздіксіз жүргізілген. 28 мың түрлі тамақ өнімі тексеруден өткен. Оның 15 проценті тиісті талапқа сай болмаған. Оның ішінде құс еті, кондитерлік өнімдер мен балық бар. Жалпы биыл елдегі барлық медициналық қызмет түрі коронавирус инфекциясымен күресуге күш салды. Қазір жазылып шыққандардың үлесі 87 процентті құрап отыр.

Марат Шоранов, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Биылғы жыл әлем елдері үшін оңай болған жоқ. COVID-19 деп аталған жаңа вирус пайда болды. Сол вирустың салдарынан туындаған пандемия әлі тоқтаған жоқ. Вирус пайда болған кезде оны қалай анықтап, емдеу керектігін ешкім білген жоқ. Алайда біз осы вирустың алдын алу шаралары мен қорғану әдеттерін үйрендік. Диагностика жасап, жаңа инфекцияны емдеу ісін игердік. Бүгінде вакцинация сияқты спецификалық алдын алу шаралары қолжетімді. Сонымен қатар біз қолда бар мәліметтерді пайдаланып, ауру жұқтыру көрсеткішін болжауды меңгердік. Осының арқасында алдын алу шараларын жүйелі жүргізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы