420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай сақталуда

  • 235
  • UPD: 15:24, 28.12.2020
Қазақстанда тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай сақталуда

Қазақстанда тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай сақталып отыр.

Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ОКҚ брифингінде айтты.

«Біздің елде тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай сақталуда. Республика қауіптілігі төмен аймақтан орташа тәуекел аймағына, яғни «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті. Атырау облысы қауіпті аймақта қалды (қызыл аймақ) және Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары ауысты. «Сары аймақта» 3 өңір бар: Солтүстік Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан, Алматы», - деді Марат Шоранов.

Елде COVID-19 жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету үшін 51 126 төсек-орын орналастырылды. Ал аурудан сауығып кеткендердің үлесі 87% дейін өскен.

Хабар 24 телеарнасы