420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысына 180 мың «Спутник-V» вакцинасы жеткізіледі

  • 110
  • UPD: 15:35, 28.12.2020
Түркістан облысына 180 мың «Спутник-V» вакцинасы жеткізіледі

Апталық аппарат отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін облыста карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды.

Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына тыйым салынып, өңірде жаппай рейдтік шаралар өтеді, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Бір апта ішінде өңірде Covid-19 инфекциясын жұқтырған 59 адам тіркелді. Соңғы тәулікте облыс аумағында қауіпті індет жұқтырған 16 адам анықталған. Олардың басым бөлігі шекара асып, алыс жолдан келгендер. Сырқаттанғандардың арасында жиын-тойлардан жұқтырғандар көп. Осы ретте өңірде коронавирус инфекциясына шалдыққандардың арту қаупі бар», - делінген хабарламада.

Алдағы ақпан-маусым айларында Түркістан облысын 180 мың доза Спутник-V вакцинасымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл – еліміз бойынша ең көп сұраныс. Түркістан облысында пандемия басталғалы 364 700 адам ПТР-тест алынды.

Мереке күндері Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген күн тәртібінде қызмет атқарады.

Хабар 24 телеарнасы