418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда аутист балаларға арналған жаңа орталық ашылды

  • 91
  • UPD: 21:51, 28.12.2020
Павлодарда аутист балаларға арналған жаңа орталық ашылды

Онда бүлдіршіндер үшін диагностикалық кабинет жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауытқуы бар балалардың ой-өрісін және қабілеттерін арттыратын «Джаспер» кабинеті құрылған. Сонымен қатар балалардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етіп, өзін-өзі ұстау дағдыларын дамытатын арнайы сыныптар бар. Бұл жерде аутист балалар ата-аналарымен бірге екі апталық курстан өтеді. Орталықта жоғары білікті мамандар оның ішінде дефектолог, психолог, логопед, емдік дене шынықтыру жөнінен нұсқаушы жұмыс атқарады және барлық коррекциялық қызметтер тегін көрсетіледі.

Мария Терентьева, қала тұрғыны:

– Бізде мұндай орталық бар. Бірақ ақылы түрде жұмыс істейді. Мысалы, айына 120 мың теңге төлеуге ата-аналардың мүмкіндігі жоқ. Соған қарамастан қол қусырып қарап отырмадық. Шамамыз келгенше балаларды үйретуге тырыстық. Енді міне жаңа орталық ашылып жатыр. Қуанышымызда шек жоқ. Көп нәрсені үйренетін болдық. Мамандар Америкаға барып оқып келеді. Америкадан келіп осы жақта үйретеді.

Марат Айтмағамбетов, қайырымдылық қордың директоры:

– Осы мәселені зерттеп жүрген ұйымның соңғы мәліметтеріне сүйенсек, әлемде дүние есігін ашқан әрбір 49 сәбидің біреуінде аутизм спекторының бұзылуы байқалады. Өкінішке қарай, бұл көрсеткіш артып келеді және Қазақстанды айналып өтпеді. Павлодар облысында да мұндай балалар саны аз емес. Сондықтан орталық керек.

Хабар 24 телеарнасы