418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде карантинді бұзған мейрамханалар қызметін тоқтатады

  • 136
  • UPD: 20:24, 28.12.2020
Ақтөбеде карантинді бұзған мейрамханалар қызметін тоқтатады

Карантин талаптарын елемей, бірнеше рет ереже бұзған мейрамханалар жабылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтөбелік санитар мамандар сот органдарына осы бағыттағы арыз жолдаған. Қазір өңірдегі ауданаралық экономикалық сотта 13 нысанға қатысты іс тергеліп жатыр. Олар шектеулерге қарамастан үйлену тойлары мен туған күн кештерін ұйымдастырған. Бірнеше рет айыппұл салынғанымен қалың бұқараны жинауды тоқтатпаған. Жалпы жедел алдын алу шаралары кезінде мыңнан астам заңбұзушылық анықталып, 170 миллион теңге шамасында айыппұл салынған.

Нұрсұлу Беркімбаева, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы:

– Ертеңгіліктер, корпоративтер, меншік нысанына қарамастан барлық объектілер мен ұйымдарда ұжымдық, топтық мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру бойынша қызметтер мен кейтеринг қызметтерін көрсетуге тыйым салынғанын ескертіп, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы