418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қаржы бөлінді

  • 108
  • UPD: 20:21, 28.12.2020
Алматыда азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қаржы бөлінді

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін қала бюджетінен 9 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қаржы реттеу тетіктерін іске асыруға және қаланың сауда жүйелерінде келісілген бағамен сатылатын тауар түрлерін ұлғайтуға жұмсалады. Тұрғындар көп баратын сауда орталықтарында келісілген бағамен сатылатын өнімдердің жалпы көлемі 8 жарым мың тоннаға дейін артады дейді мамандар. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағалары қала әкімдігінің бақылауында болады. Мониторингтік топ келісімшартқа отырған сауда орталықтарына күнделікті тексеру жүргізеді. 

Қарлығаш Әбдіжаппарова, қалалық инвестиция және кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары:

– Біз келісімшартқа отырған қаладағы барлық ірі сауда орталықтарына алдын ала түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Енді күнде қадағалап отырамыз. Әзірге қала тұрғындарынан ешқандай шағым түскен жоқ. Егер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз қымбаттатқандар анықталатын болса әкімшілік жазаға тартылады.

Хабар 24 телеарнасы