423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық тауарлардың сапасы сын көтере ме?

  • 122
Отандық тауарлардың сапасы сын көтере ме?

Алматы облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында отандық тауарлардың сапасын арттыру жайы қызу талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бизнес қауымдастық пен тұтынушылар құқын қорғау ұйымдарының өкілдерімен кездескен сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа құрылыс материалдарының сапасыз екені, әсіресе, ел аумағында өндірілетін цементтің көп жағдайда талапқа сай келмейтіні айтылды. Сондай-ақ аккредитациядан өту барысында бірқатар кедергілер туындайтыны сөз болды. Өзге тауарлардың халал сертификатын алған өнімдермен бірге саудалануы дұрыс емес. Ол зерттеу жұмыстары мен көптеген тексерулеріміздің қорытындысына нұқсан келтіреді. Министрлік тарапынан қатаң талаптар қабылдануы тиіс деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» мекемесіндегілер. Министр өз кезегінде «Тұтынушылар құқын қорғау туралы» заң жобасы қабылданып, «Техникалық реттеу туралы» заң Сенаттың қабылдауынан өткенін, сондықтан бұл бағытта алдағы уақытта ауқымды жұмыстар атқарылатынын мәлімдеді.

Айбек Аташев, ҚМДБ қарасты халал даму мекемесінің директоры:

– Халал стандарттарына сәйкес келген тауарлар мен халал стандартына сәйкес емес, халал стандартын алмаған өнімдердің сауда нүктелерінде, әсіресе, ірі сауда нүктелерінде бір дүкен сөресінде бірге сатылу мәселесі қауіпті. Бұл жерде тасымалдау мен бірге сату мәселесі өте қатаң қадағалануы керек министрлік тарапынан.

Бақыт Сұлтанов, ҚР сауда және интеграция министрі:

– Бес мыңға жуық осындай стандартты қабылдадық. Бірақ оның тек 43 проценті ғана біздің кәсіпкерлермен қолданылады. Халал болсын, цемент мәселелерін көтеріп отыр, тағы да қосымша жұмыстар керек. Осындай бағыттар тезірек дамуы үшін біз бірге жұмыс істеуіміз керек. Сол жағынан біз қазір талқылап отырмыз. Проблемаларды тезірек шешуге тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы