420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сайлау-2021: санитарлық талаптар сақталады

  • 125
  • UPD: 21:25, 28.12.2020
Сайлау-2021: санитарлық талаптар сақталады

Алдағы сайлауға дайындық жұмыстары Сыр өңірінде тыңғылықты жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пандемияға байланысты бұл жолғы науқанда бірқатар ерекшелік болады. Ең бастысы – санитарлық талаптарға және дауыс берушілердің ара қашықтығын сақтауға көңіл бөлінбек. Ол үшін сайлау учаскелерінен арнайы күту залдары ашылды. Кезегін күткен әр азамат осы жәрде аялдап, теледидар көре алады. Сондай-ақ әр сайлаушыға бірреттік бетперде мен қаламсап үлестіріледі. Ал өз таңдауын жасап болғаннан кейін қаламсап арнайы қоқыс жәшігіне салынып, залалсыздандырылады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы дауыс беру кабиналары да жасақталған және үйден дауыс беруге мүмкіндік жасалады дейді ұйымдастырушылар. 

Гүлшара Әбдіқадірова, сайлау учаскесінің төрағасы:

– 1558 адамға қаламсап алынды. Әр сайлаушымызға маскамен қамтамасыз етілген. Термометр бар, дозатор бар, барлық жағдай жасалған. Және сайлау учаскесінің мүшелеріне де халат, қорғаныс маскасы таратылған. Сол бойынша біз 10 қаңтар күні сайлаушыларымызды қабылдауға дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы