419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сайлаудағы әділ және адал байқау туралы хартия қабылданды

  • 133
Сайлаудағы әділ және адал байқау туралы хартия қабылданды

Елде «Сайлаудағы әділ және адал байқау» туралы хартия қабылданды.

Ол халықаралық және ұлттық заңдар мен құжаттарға негізделіп жасалған. Хартия авторы құжатты «байқаушының этикалық» кодексі деп атауға болатынын айтады. Себебі онда байқаушының барлық құқықтары мен міндеттері айқын көрсетілген. Сайлау кезінде әрбір байқаушы хартиядағы ереже бойынша әрекет етсе, дау-дамай туындамай, бірізділік болады деп сенеді. Сондықтан отандық және халықаралық байқаушыларды хартияны қолдап, сонымен жұмыс істеуге шақырды. Бүгінге дейін жаңа хартияға 200-ден астам байқаушылар ұйымы және 30 мың байқаушы қосылған.

Бану Нұрғазиева, сайлауды бейпартиялық байқау орталығының басшысы:

– Азаматтық алянс осы хартияны қабылдап отыр. Бәріміз танысып, бұған қосылып отырмыз. Біз ғана емес, бірталай үкіметтік емес ұйымдар да қосылып жатыр. Бұл негізі азаматтық қоғам өкілдері, баршамыз жақында болатын сайлауды әділ түрде адал және тап-таза өткізейік деген ұстаным.

Төлеген Күнәділов, ҚР кәсіподақтар федерациясының республикалық штабының өкілі:

– Осы сайлау процесін әділ әрі адал өткізу үшін екі миссиямен қадағалайды. Қысқа мерзімді миссиясы ол сайлау күні, сайлау учаскесінде барлық заңнамаға сәйкес сайлау үрдісін бақылау болса, ал ұзақ мерзімді байқауға бүкіл жұмыс берушілермен сонымен қатар партия өкілдерімен кездесіп жатыр. Бұл жерде жұмыс берушілер тарапынан жұмысшыларға ешқандай қысым көрсетпеу жағын болдыртпау. Бұл жерде жазылған нормалар біздің өзміздің принциптерімізбен тұсап-тұс келіп отыр. Сондықтан кәсіподақ федерациясы осы құжатқа, осы хартияға қосылу туралы ниет білдіріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы