420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сайлау: Маңғыстауда байқаушыларды даярлау курсы 2 қала мен 5 ауданда жүргізілді

  • 139
  • UPD: 21:46, 28.12.2020
Сайлау: Маңғыстауда байқаушыларды даярлау курсы 2 қала мен 5 ауданда жүргізілді

Маңғыстауда байқаушыларды даярлау және оқыту курсы Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен 5 ауданда жүргізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайлау алдындағы кезеңде және дауыс беру күнінде бақылаушылардың қызметін үйлестіру үшін штаб құрылған. Байқаушылар облыс бойынша барлық сайлау учаскесіне қатысады. Тәуелсіз байқаушылар қатарында Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы мен Қазақстан кәсіподақтар федерациясы және өзге де қатысуға өтініш білдірген үкіметтік емес ұйым өкілдері бар. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты байқаушыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Штаб құрылған сәттен бастап өңірдің қоғам қайраткерлерімен, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен қозғалыстардың өкілдерімен кездесулер өткен. 

Бекбол Орынбасаров, облыс бойынша сайлауды бейпартиялық байқау орталығының жетекшісі:

– Негізгі міндетіміз – байқаушыларды сайлау процесіндегі болатын әртүрлі жағдайларға дайындау. Сайлаудың таза, әділ, шыншыл өткенін біз қолдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы