Шыңылтыр аязда Ресейдің Омбы қаласында ондаған адам мұздай суға түсіп, шынығып жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Экстремалды әрекетке бару үшін оларға 20 градус аяз кедергі болмаған.
Бұлар – жергілікті жүзгіштер клубының мүшелері. Олар желтоқсаннан келер жылдың көктеміне дейін мұз әбден еріп кеткенше Ертістің суына шомылып, тәні мен рухын шыңдайды. Дариядағы ойыққа күнде тұрақты келетіндердің саны 100-ден асады. Олар «мұздай суға түсу адамның иммунитетін күшейтіп, ағзаны кез келген аурудан қорғайды» дейді.