420,66 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда өрт сөндірушілер Аяз ата мен Ақшақардың киімін киіп, үйлерді аралады

  • 79
  • UPD: 10:12, 29.12.2020

Көкшетауда өрт сөндірушілер Аяз ата мен Ақшақарға айналды,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа жыл қарсаңында олар осылай жеке тұрғын үй алабын аралап, балаларды қуантты. Ал, басты мақсат – оларға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру. Себебі, баспаналардағы тілсіз жау көбеймесе, азаяр емес. «Сондықтан да мерекелік костюмді киіп, алдын алу шараларын күшейтуге тура келді», - дейді құтқарушылар.

Есенгелді мен Арайлым – кәсіби құтқарушылар. Бірі қалалық төтенше жағдайлар басқармасында, ал екіншісі шаһардағы өрт сөндіру бөлімдерінің бірінде қызмет етеді. Бірақ бүгін олар жұмыстың бәрін тастап, Аяз ата мен Ақшақар болуға мәжбүр. Осылайша, мамандар, мерекені пайдаланып, өрт қауіпсіздігін ата-аналар мен балаларға мейлінше жеткізуге тырысады.

Өздеріне сыйлық ала келген жаңажылдық мерекенің басты кейіпкерлерін балалар да жай жібермеді.

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мереке қарсаңында жүздеген отбасымен осындай әдіс арқылы алдын алу жұмыстарын жүргізбек. Өйтпеске амал жоқ. Себебі, тілсіз жау тыйылар емес. Биыл аймақта 1 мыңға жуық өрт дерегі тіркелсе, соның 70%-і тұрғын үй алабының үлесінде.

Денис Шелкоплясов, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

- Біз үнемі рейдке шығып, тұрғындарға жылыту желісін қалай дұрыс пайдалануды, газ немесе электр құрылғыларын қауіпсіз қолдануды және жарық сымдарын ретке келтіруді үйретеміз. Өкінішке орай, бізде әрбір үшінші үйде пештің ақауы бар. Сондықтан алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргіземіз.

Құтқарушылар өртті барынша болдырмау үшін биыл 800-ден астам үйге түтін шыққанда белгі беретін дабыл қондырғысын орнатқан. Ал, алдағы жылы жер үйлерде тұратын 1500 отбасы осындай қондырғымен қамтамасыз етілмек.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко

Хабар 24 телеарнасы