420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда желаяқтар 31 желтоқсан күні 42 шақырымдық марафонды жүгірмек

  • 82
  • UPD: 10:48, 29.12.2020

Оралда желаяқтар жаңа жыл қарсаңында толық марафон өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әуесқой спортшылар әлеуметтік желі арқылы өзге өңірлерге де үндеу жолдады. Марафоншылар қазір қызу дайындық үстінде. Шаһарда әуесқойлар клубының бастамасымен арнайы спорт секциясы ашылды. Салауатты өмір салтын ұстанатын кез келген адам клуб қатарына қосыла алады.

Еркебұлан Смадияров, тілші:

- Баубек Ілиясов таза ауада жүгіруді әдетке айналдырған. Еліміздегі түрлі марафондарда талай мәрте оқ бойы озық келді. Желаяқ жуырда қақаған аязға қарамастан жалғыз өзі 230 шақырым қашықтықты бағындырды. Орал қаласынан Ақсуат ауылы маңындағы бұлаққа дейін бір тәулік бойы тоқтамастан жүгірді. Бұл әуесқой спортшының жеке рекорды болды. Енді ол алдағы жаңажылдық марафонға да қатысады. Шалғай ауылдағы желаяқпен бейнебайланысқа шықтық.

Баубек Ілиясов, марафоншы:

- Күнде таңертең, кешке жаттығу жасаймын. Кейде жаттығуға шыққың келмейтін уақыттар болады, сол уақытта өз-өзімізге мақсат қойып, сол мақсатымыз енді сүйрейді. Еңбектену керек көбірек. Денсаулығына зақым келмейтін етіп, білетін адамнан сұрап, солай дайындалған дұрыс деп ойлаймын.

Өңірдегі әуесқой спортшылар клубында жүздеген адам жаттығып жүр. Олардың қатарында жастармен қоса, балалар да, қариялар да бар. Мәселен, жетпіс жастағы Мақсот Кенжегереев ұзақ жылдан бері спортпен шұғылданып келеді. Жүгіру марафондарынан қалыс қалмауға тырысады. Ақсақал былтыр халықаралық додаларға да барып келді.

Мақсот Кенжегереев, марафоншы:

- Азия чемпионаты болды, онда 5 километр қашықтыққа 2-орын алдым. Сосын наурыз айында Польшада әлем чемпионаты болды. Онда 208 елден, Еуропадан командалар қатысты. Мен бірінші ондыққа іліктім. Жұмасына 4-5 рет жүгірем, 15-14 шақырымнан.

Ұзақ қашықтыққа жүгіру тыңғылықты дайындықты талап етеді. Әсіресе, спортпен енді шұғылдана бастаған адамдар түрлі жаттығулар жасауы тиіс. Әуесқойлар клубы осы мақсатта арнайы секция ашты. Жаттығу алаңы жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Асхат Рамазан, әуесқой спортшылар клубының жетекшісі:

- Кәсіпкер болғасын. Біздер, дос екеуміз өзіміздің туған жерімізге пайда тисін. Голландиядан 10 миллионға қымбат құрал-жабдықтар алып келдік. Үлкен қоғамдық іс-шара өткізу үшін. Қазіргі таңда жаттықтырушымызға төлеп жатырмыз. Болашақта үлкен бір жоспарларымыз бар. Оралды жаңағы Қазақстан бойынша спорттың астанасы болады деген үмітіміз бар.

Желаяқтар былтырғы жылды 31 шақырымдық марафонмен түйіндеген еді. Ал биыл олар 31 желтоқсан күні 42 шақырымға жүгірмек ниетте.

«Бұл бастаманы өзге аймақтар да қолдайтынына сенімдіміз», - дейді әуесқой спортшылар.

Авторлары: Еркебұлан Смадияров, Болат Жарылғасво, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы