420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екі айлық қазақстандық сәби санитарлық ұшақпен Ресейден жеткізілді

  • 105
  • UPD: 11:00, 29.12.2020
Екі айлық қазақстандық сәби санитарлық ұшақпен Ресейден жеткізілді

Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының жәрдемімен жергілікті балалар клиникалық ауруханасынан денсаулығы нашарлаған екі айлық сәби санитарлық авиация бортымен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді.

Рейсті ҚР Сыртқы істер және Денсаулық сақтау министрліктері ұйымдастырды.

Нәресте елордаға жеткізілгенге дейін мамандар оның диагнозын алдын ала зерттеп, келген соң бірден жедел емдеуді бастады.

Нәрестенің қазіргі жағдайы тұрақты. Еліміздің медицина қызметкерлері емдеудің толық бағдарламасын жүргізетін болады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы