420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында үш қап марихуана тәркіленді

  • 113
  • UPD: 11:33, 29.12.2020
Жамбыл облысында үш қап марихуана тәркіленді

Жамбылдық полицейлер автокөліктің жүксалғышынан 3 қап марихуана тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

25 желтоқсанда Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Меркі – Шу – Бурылбайтал автожолында «ВАЗ-21014» маркалы автокөлігін тоқтатып, оның жүксалғышынан үш полиэтилен қапты тәркіледі. Қаптардың ішіндегі зат жалпы салмағы 8 келі 600 грамм кептірілген марихуана болып шықты.

Бұл факт бойынша Жамбыл облысының 28 және 31 жастағы екі тұрғыны, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Олар Меркі ауданының құмға жақын маңдағы аймақтарында марихуана жинаумен айналысқан.

ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар өз кінәларын мойындады, олар Меркі ауданының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Хабар 24 телеарнасы