Елдегі кәсіпорындардың еңбекақы бойынша қарызы 724 млн теңгеге жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».
Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында жалақысын ала алмай жүргендер көп. Енді еңбек инспекторларының құзыреті кеңейтілді. Олардың ұйғарымы сот орындаушысының бұйырығына теңестірілді. Осы уақытқа дейін еңбек инспекторлары 31 мың жұмысшының құқығын қорғап, 4,2 млрд теңге жалақы қарызын өндіріп алған. Жалпы елде 324 кәсіпорын болса, онда 7 млн-ға жуық адам жұмыс істейді. Жұмысшылардың жалақысы жыл басынан бері 6,9%-ке өскен.