421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бас қалаға 70 келі иірілген жіптен тоқылған шырша орнатылды

  • 87
  • UPD: 12:47, 29.12.2020
Бас қалаға 70 келі иірілген жіптен тоқылған шырша орнатылды

Нұр-Сұлтанда биіктігі 6 метр болатын тоқылған шырша орнатылды.

Екі апта бұрын Нұр-Сұлтанда «Құрақ көрпе стиліндегі экошырша» халықтық флешмобы басталды. Осы уақыт ішінде 20 сантиметрлік 2000-нан астам шаршы қосылды. Халықтық жоба Қазақстан қалалары мен елорда тұрғындарын біріктірді. Ресей мен Өзбекстанның қолөнер шеберлері де тоқуға атсалысты.

Безендіруге еліміздің түкпір-түкпірінен тоқымашылар, зейнеткерлер, қарттар үйі, қоғамдық қорлар, әлеуметтік кәсіпкерлер мен қолөнершілер қатысты. Мектептердің қамқоршылық кеңестерінің қолдауымен елордадаға 30 мектептің оқушылары, олардың ата-аналары мен мұғалімдері қатысты.

Нұр-Сұлтан мен оның маңындағы аймақтардан, Алматы, Петропавл, Ақтөбе, Тараз, Қарағандыдан тоқылған шаршылар алып құрақ көрпеге жиналып, шырша түріндегі металл құрылымға қойылды. Қазір арт-нысан өткен жылмен салыстырғанда екі есе биік болып шықты. Жаңа жылдық шырша үшін ұзындығы 70 000 метрден асатын 70 келіден астам жіп қажет болды.

«Велюр жіптері бала кезіміздегі әжелеріміздің қолымен жасалған жұмсақ құрақ көрпелерді еске түсіреді. Біз барлық қазақстандықтарды қолдың жылуымен біріктіргіміз, жаңа жылдық көңіл күй сыйлап, қаламызды жарқын эко-шыршамен безендіргіміз келді», - дейді жоба авторы, әлеуметтік кәсіпкер Рахима Мұқышева.

Ақпарат көзі: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы