423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенат өлім жазасының күшін жоюға бағытталған заң жобасын қабылдады

  • 190
  • UPD: 13:03, 29.12.2020
Сенат өлім жазасының күшін жоюға бағытталған заң жобасын қабылдады

Парламент Сенаты өлім жазасының күшін жоюға бағытталған заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның екінші факультативтік хаттамаға қосылу рәсімін бастауды тапсырған болатын. 23 қыркүйекте БҰҰ жанындағы еліміздің тұрақты өкілі Қайрат Омаров осы хаттамаға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, қол қоюшы елдер өлім жазасын қолданбау және оның күшін жою үшін барлық қажетті іс-шараларды орындау міндеттемесін қабылдайды. Жалғыз ерекшелік – соғыс уақытында өлім жазасын қолдану туралы заңды түрде ресімделген ескертпе болған жағдайда рұқсат етіледі. Жалпы өлім жазасын қолдануға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылғы 17 желтоқсанда мораторий енгізген еді. Содан бері елде жоғары жаза шарасын қолданбаудың тұрақты құқықтық режимі қалыптасқан.

Хабар 24 телеарнасы