423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 2030 жылға дейін 545 балық шаруашылығы құрылады

  • 107
  • UPD: 14:42, 29.12.2020
Елімізде 2030 жылға дейін 545 балық шаруашылығы құрылады

Елдегі су айдындарында жылына 600 мың тоннаға дейін балық өсіруге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда, бұл жоспарды іске асыру үшін 20-30 жыл уақыт керек. Экология министрлігінің болжамы бойынша 2030 жылы 45%-ке орындау жоспарда бар. Бүгінгі Үкімет отырысында балық шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды. Министр Мағзұм Мырзағалиев әр өңірде балық шаруашылығын дамыту бағдарламасының әзірленгенін айтты. Бұл бағдарламаға сәйкес 10 жыл ішінде 545 шаруашылық құрылады. Былтыр 45 мың тонна балық ауланған. Экспортқа 30 тоннасы шығарылса, сырттан 45 мың тонна балық әкелінген.

Хабар 24 телеарнасы