Шет елден Қазақстанға ПТР анықтамасыз келетіндер азаймай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мәселен, өткен тәулікте 83 жолаушының тиісті медициналық құжаты жоғы анықталды. Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан әуежайында 30, Алматыда 48, Ақтауда 5 адам анықталды. Олар тиісті сынама тапсыру үшін карантиндік стационарға орналастырылды. Жалпы ел аумағына Түркия, Біріккен Араб Әмірлігі, Беларусь Республикасы, Ресей және Әзербайжаннан барлығы 614 жолаушы келді.