420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда теңіз жағалауына «Шексіз махаббат» арт мүсіні орнатылды

  • 102
  • UPD: 14:20, 29.12.2020
Ақтауда теңіз жағалауына «Шексіз махаббат» арт мүсіні орнатылды

Шағын сәулет ескерткіші – еріктілер тобының қала халқына тартуы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Гүлмен безендірілген металл жүректі инсталляция енді ақтаулықтардың сүйікті орнына айналмақ. Орындығына отырып, Каспий теңізінің көкжиегінде суретке түсуге болады. Мүсіннің шамдары түні бойы жанып тұрады. «Біз бұл композиция махаббат пен мейірімділіктің белгісі болғанын қалаймыз. «Себебі, 2020 жыл бізге қарапайым адами құндылықтардың қаншалықты маңызды екенін көрсетті», - дейді ұйымдастырушылар.

Мөлдір Жаңабергенова, қала тұрғыны:

- Теңіз жағаға осындай еріктілер тобы инсталляциясын ашып жатыр екен. Өтіп бара жатып көріп қалдым. Ең бірінші болып суретке түскендердің бірі менмін. Өте қуаныштымын. Халыққа, Ақтау қаласының тұрғындарына құтты болсын! Көркейе берсін!

Хабар 24 телеарнасы