419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Спортшылар ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға сыйлық таратты

  • 111
  • UPD: 23:37, 29.12.2020

«Спорт халықпен бірге». Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанның жекпе-жек қауымдастығы осындай қайырымдылық акцияны қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Спортшылар 50-ден астам әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға сыйлық таратты. 

Анатолий Ким, ММА спорт федерациясының президенті:

- Өкінішке қарай, балалардың барлығы бірдей спортпен шұғылдана алмайды. Тіпті сау баланың да дене шынықтыруға жағдайы бола бермейді. Өйткені ол тым қымбатқа түседі. Бірақ осындай спорт қауымдастықтарының көмегімен оларға көмек беруге ден қойылып жатыр. Осы санаттағы азаматтарға, балаларға Үкімет тарапынан көбірек көңіл бөлініп, әлеуметтік қолдау көрсетілсе дейміз.

Хабар 24 телеарнасы