421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы автобустың 14 жолаушысы эвакуацияланды

  • 101
  • UPD: 15:55, 29.12.2020
Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы автобустың 14 жолаушысы эвакуацияланды

28 желтоқсан күні сағат 15:22 шамасында Қызылорда облысы ТЖД Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына Қызылорда – Жезқазған автожолының 135 шақырымында техникалық ақау салдарынан «Setra» маркалы жолаушылар автобусының қозғалтқышы істен шыққаны туралы ақпарат түсті.

Сағат 15:38-де Қызылорда облысы ТЖД-нің 4 қызметкері «Паз» автобусымен оқиға орнына шықты. Сағат 17:05-те «Камаз» техникасы сүйреп келе жатқан жолаушылар автобусы мен шақырту орнына келе ТЖД қызметкерлері автокөлік жолының 30 шақырымында кездесті.

Нұр-Сұлтан – Шымкент бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар автобусында 37 адам болған. 14 адам эвакуацияланды, қалған 23 адам эвакуациядан бас тартты. Сағат 18:11-де барлық жолаушы, яғни 37 адам 3 техникамен Қызылорда қаласына барды. Қазіргі уақытта жолаушылар аман-есен алған бағытына (Шымкент қаласына) жетті.

Ақпарат көзі: Қызылорда облысының ТЖД

Хабар 24 телеарнасы