419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматының тұрақтандыру қоры дәрі-дәрмекпен толықты

  • 94
  • UPD: 19:26, 29.12.2020
Алматының тұрақтандыру қоры дәрі-дәрмекпен толықты

Алматының тұрақтандыру қоры ең қажетті дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдармен толықты. Қаладағы дәрі сақтайтын қоймаларда 64 түрлі медициналық өнімнің 45 млн қорапшасы сақтаулы тұр.

Оның ішінде аса жоғары сұранысқа ие парацетамол мен аспириннің 6 млн қорапшасы жеткізілген. Азитромицин мен анаферон секілді антибиотиктер де жеткілікті. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін компаниялардың қоймалдарында қажетті медициналық өнім көлемі жоспарлы мөлшерден 12 процентке артық жиналды. Олар Алматыдағы және еліміздің өзге де өңірлеріндегі емханалар мен дәріханаларға сұраныс бойынша жіберіледі.   

Талғат Қатабаев, қойманың логистика жөніндегі директоры:

- Дәл қазір тұрақтандыру қоры аясында 15 млн астам медициналық құрылғы осы қоймада сақталып отыр. Оның ішінде 5 млн жуық қор ол сарқылмайтын қор болып саналады. Сондықтан дәл қазір республиканың өзге өңірлері мен аптекалар желісіне қамтамасыз ету жағынан ешқандай қолайсыздық тудырып жатқан жоқпыз.

Хабар 24 телеарнасы