426,99 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлер сапасыз болып шықты

  • 266
  • UPD: 18:16, 29.12.2020

Өскеменде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған кейбір үйлер сапасыз болып шықты. 

Әсіресе қаладағы 19,20,21 шағын ауданда бой көтерген көпқабатты үйлердің құрылысы бірінен соң бірі сыр беріп жатыр. Кейбір үйлердің сыртқы қаспеті қатты аязға шыдас бермей жарылып кеткен. Мәселен, қаладағы 9 қабат үйдің қабырғасын қаптаған құрылыс материал суықта жарылып, қатты жел соққанда ойылып түскен. Қалалық тұрғын үй инспекциясының мамандары баспананы салған мердігер компанияның кепілдік мерзімі әлі бітпегенін хабарлады. Сондықтан үйдің ақауы сол кепілдікке сай жөнделетінін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы