421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысы «сары аймаққа» өтті

  • 776
  • UPD: 19:27, 29.12.2020
Ақмола облысы «сары аймаққа» өтті

Бірнеше күн бойы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл аймақта» тұрған Ақмола облысы «сары аймаққа» өтті.

Бірақ бұл шектеу шаралары жеңілдетіледі деген сөз емес. Өңірде мерекелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. 30 желтоқсаннан бастап бір апта мерзімге тұрақты емес туристік тасымалдар мен қала және облысаралық автобус қатынасы тоқтайды. Кинотеатрлар мен театрлар жабылып, монша мен спа-салондар сенбі-жексенбі күндері жұмыс істемейді. Ал барлық сауда орындары мереке күндері де өзгеріссіз халыққа қызмет ете береді. Бұл жайлы облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында айтылған.

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитар дәрігері:

- Біз жағдайды 1 апта бойы бақылаймыз. Эпидахуал тұрақталып, ауру көрсеткіші өспейтін болса, 4 қаңтардан бастап шектеу шараларын жеңілдетеміз. Ал қазіргі басты мақсат Жаңа жыл мерекесіндегі көпшілік іс-шараларды болдырмау.

Хабар 24 телеарнасы