419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда эндоскопиялық орталық ашылды

  • 139
  • UPD: 19:40, 29.12.2020
Қарағандыда эндоскопиялық орталық ашылды

Қарағандыдағы онкологиялық диспансер жанынан эндоскопиялық орталық ашылды.

Заманауи медициналық қондырғылар, обырды дер кезінде анықтап, емдеуге мүмкіндік береді. Орталықта жұмыс істейтін мамандар шетелде кәсіби біліктілігін шыңдаған.

Өкінішке орай, облыста, қатерлі ісікке шалдыққандар қатары жыл сайын көбейіп келеді. Қазір кенді аймақ науқастар саны бойынша 4-орында.

Дәрігерлердің айтуынша, тек бір жылда шамамен 3800-ден астам науқас тіркеледі. Бүгінгі күні өңірде 21 мың 500 адам есепте тұр. Бірінші орында өкпе ісігі, сосын тоқ ішек пен тік ішек, өңеш пен асқазан обыры көп. Дегенмен, науқастардың 56 проценті 5 жылдан артық өмір сүреді, ал бұл жаман көрсеткіш емес.

Мұратбек Жұмақаев, облыстық онкологиялық диспансердің директоры:

- Бұл центрде одан да басқа жасалатын нәрсе - бұл операциялар. Көп ісіктерді, қатерлі ісіктің алдында пайда болатын ісіктерді алып тастау, қатерлі ісік болып, оның бірінші сатысындағы ісіктерді, тоқ ішектің, тік ішектің, асқазанның, өңештің бәрін осындай эндоскопиялық аппараттармен алып, олардың барлығын емдеуге болады.

Хабар 24 телеарнасы