421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында аниматорларды үйге шақыруға тыйым салынды

  • 129
  • UPD: 20:58, 29.12.2020

Түркістан облысының тұрғындары биыл жаңа жыл мерекесін Аяз ата мен Ақшақарсыз қарсы алады. Себебі ертегі кейіпкерлерін үйге шақыруға тыйым салынды.

Облыстың бас санитарлық дәрігері балаларға жаңа жылдық мереке ұйымдастыратын агенттіктердің жұмысын 5 қаңтарға дейін шектеді. Ұжымдық кештер мен жаппай мерекелік іс-шаралар өткізілмейді. Карантиндік шектеулер бойынша барлық аймақта рейд ұйымдастырылады. Мобильді топтар күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қазіргі таңда Түркістан облысында 160 адам қауіпті індеттен емделіп жатыр. Олардың 70-сі үй жағдайдында, ал 90-ы ауруханада жатыр.

Нұрбек Нышанов, облыстың бас санитар дәрігері:

- Облыста 104 мобильді топ жұмыс істейді. Ол жерде полиция қызметкерлері, кәсіпкерлер, қоғамдық өкілдер. Олар қазір рейдтік шаралар жүргізіп жатыр. Егер кеш ұйымдастырған, адам саны көбейсе, біздің басқармаларға рапорт жазып жолдайды. Біз әкімшілік іс қозғаймыз. Жеке тұлғаға 30, ал кәсіпкерлерге 230 АЕК көлемінде айыппұл саламыз.

Хабар 24 телеарнасы