Жамбыл облысында карантиндік шектеу шаралары ішінара жеңілдетілді. Енді өңірде қоғамдық тамақтану орындары таңғы 6-дан түнгі 00:00-ге дейін жұмыс істейді.
Алайда келушілер саны 50 адамнан аспауы тиіс. Ірі жабық сауда орталықтары демалыс күндері де қызмет көрсетеді. Бірақ 25 желтоқсаннан бастап 5 қаңтарға дейін жаңа жылдық іс-шараларды өткізуге және ұйымдастыруға қатаң тыйым салынды. Ойын-сауық мекемелерінің жұмысына да шектеу қойылған. Аймақта соңғы тәулікте 18 адамнан Ковид-19 анықталды. Мамандар бұл қалыпты жағдай деп отыр.
Салтанат Әлибаева, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Жамбыл облысы бүгінгі таңда «жасыл аймақта» орналасқан. Бұрынғы қолданыстағы 39, 40-қаулылар күшін жойды деп саналады. Сол себептен қазіргі қойылып жатқан тыйым мына республика көлемінде бүкіл мына бұқаралық көпшілік іс-шаралар өткізуге тыйым салынып отыр. Мына ойын-сауық мекемелерінің жұмысына тыйым салынып отыр.