418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде ядролық медицина орталығының құрылысы аяқталуға жақын

  • 123
  • UPD: 21:03, 29.12.2020

Семейде ұзақ жылдары бойы тоқтап тұрған ядролық медицина мен онкологиялық орталықтың құрылысы аяқталуға жақын.

Қазір ғимарат толық бітіп, ішіне заманауи қондырғылар орнатылған. Енді өңір тұрғындары алысқа ұзамай қажетті медициналық көмекті осы жерден ала алады. Орталықта қалқанша безінің қатерлі ісігін радиойодпен емдейтін алғашқы радионуклидті терапия бөлімі ашылады.

Мамандардың айтуынша, ол зақымданған жерді толық қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Мұнда позитронды-эмиссиялық томографтар мен циклотрондар орнатылған. Оның көмегімен қатерлі ісіктің орыны мен концентрациясын дәл анықтауға болады. 8 жыл бұрын құны 6 млрд теңге болатын нысан құрылысынан өрескел заң бұзушылық анықталып, сот процесі ұзаққа созылған еді. Кейін конкурс қайта өтіп, кемшіліктер жойылды.

Марат Сандыбаев, қалалық ядролық медицина және онкологиялық орталық директоры:

- Қазір циклотрон, сұйық радиоактивті қалдықтар ғана жеткізілген. Осы технологиялық процестердің барлығын бір жүйеге келтіру керек. Өйткені олар бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Бұл процес 6 айдай уақытты алады. Жалпы позитронды-эмиссиялық томография әлемде алтын стандарт болып есептеледі. Біз клиникалық көрінісі жоқ білім беру процестерін табамыз. Яғни емделуші бұл туралы тіпті күдіктенбейді. Демек, бұл өте жақсы.

Хабар 24 телеарнасы