423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да шырша саудасы қатаң бақылауға алынды

  • 136
  • UPD: 21:53, 29.12.2020

Шығыстағы орманшылар қазір күшейтілген кестемен жұмыс істеп жатыр. Қалаға жақын орман алқаптарына тосқауыл бекеттері орнатылды. Өйткені  желтоқсан айында өңірде шырша саудасы қызады. Сондықтан бақылау да күшейеді.

Надежда Пакидова,  Таулы Үлбі орман шаруашылығы басшысының орынбасары:

- Орман шаруашылығы аумағында мобильді топтар құрылады. Бізде 5 топ күндіз-түні бақылайды. Олар  орманға кіретін айналма жолдың бәрін біледі.   

Таулы  аумақтарға  орманшылар  арнайы  қарда жүретін техикамен патруль жасайды. Алайда аймақтағы 1,5 миллион гектар орман алқабын толық бақылауда ұстау мүмкін емес. Ал шырша өте көп мөлшерде кесілсе оның баратын жері тек базар. Сондықтан полиция қызметкерлері жаңа жыл жақындағанда базар маңын да ерекше бақылауға алады.

Базарға әкелінген әрбір түп шырша оны кесуге берілген рұқсат қағазымен бірге сатылуы тиіс. Алайда полиция қызметкрелері арнайы рейд кезінде талай шыршаның заңсыз кесілгенін анықтады. Ал берілген құжаттың көбі  толық болмай  шығады.

- Ағаш кесу билетінде арнайы қандай түрі көрсетілмеген  және қанша көлемде екені көрсетілмеген.

Осы  желтоқсан айында табиғатты қорғау полицейлері заңсыз шырша кесу бойынша 37 деректі анықтаған. Ал халыққа шыршаның базарға қалай жеткізілгені маңызды емес. 

Дархан Айтқазин, табиғат қорғау полициясының аға инспекторы:

- Бүгінге дейін қозғалған 37 әкімшілік істің көбі шыршаны кесу үшін арнайы билеті болмағандар. Қазір заң бойынша шыршаның бір бұтағын кесу үшін арнайы билет алу қажет.

Дегенмен, орманшылардың айтуынша, соңғы жылдары бір күндік мерекеге бола шыршаны өндірістік деңгейде отау тоқтаған. Қазір халық көбіне жасанды түрін қолданады. Ал шыршаны заңсыз кесуге қарсы рейдтік шаралар желтоқсанның 31-не дейін жалғасады. 

Авторлар: Олжас Керейхан, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы