421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы – Өскемен жолында автобус сынып, 37 адам құтқарылды

  • 138
  • UPD: 09:59, 30.12.2020
Алматы – Өскемен жолында автобус сынып, 37 адам құтқарылды

29 желтоқсанда кешке Алматы – Өскемен автожолының 414 шақырымында Алматы – Үржар бағыты бойынша жолаушылар мінген «Setra» маркалы автобус сынып қалды.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлерінің күшімен «Вахтовка» көлігі арқылы Сарқан қаласына 37 жолаушы (барлығы ересектер) эвакуацияланды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, эвакуацияланғандар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Шақырту орнына Алматы облысының ТЖД (4 қызметкер және 2 бірлік техника), Сарқан қаласының трассалық-медициналық құтқару пунктінің кезекші бригадасы (3 қызметкер және 1 техника), Сарқан қаласының жедел медициналық жәрдем бригадасы (3 қызметкер және 1 техника), аудандық полиция бөлімі (3 қызметкер және 1 техника) шықты.

Ақпарат көзі: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы