426,05 517.06 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2020 жылы 12 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

  • 260
  • UPD: 11:12, 30.12.2020
2020 жылы 12 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 12,3 мың адам тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 69,5 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Осы жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (54,2%) Қытайдан, 30,0% Өзбекстаннан, 8,9%-і Түрікменстаннан, 3,7% Моңғолиядан және 3,2%-і басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (51,7%) және Маңғыстау (13,4%), Түркістан (5,6%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент қалаларына (3,7%) қоныстанды.

11 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 57,2%, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,2% және зейнеткерлер 10,6%-ті құрайды.

Хабар 24 телеарнасы