421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚМК: Е.Біртановқа қатысты істі тергеуге кедергі келтіргендер заң алдында жауап береді

  • 181
  • UPD: 15:33, 30.12.2020

Экс-денсаулық сақтау министрі мен сол салада қызмет еткен жауапты тұлғаларға қатысты қылмыстық іс шиеленісе түсетін түрі бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаржы мониторингі комитеті куәгерлердің жауаптан жалтарып, тергеуге кедергі келтіріп жатқаны жайлы жариялады. Осы факті бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалған. Комитет таратқан ақпаратта: «Бұл тұлғалар экс-басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеудің барысы мен нәтижелері туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты заңсыз жинақтап, жариялау арқылы тергеуге кедергі келтірген» делінген. Өзге ақпарат сотқа дейінгі тергеу деректерін жария етпеу мақсатында айтылмай отыр.

Еске салсақ, осы жылдың 3 қарашасында қаржы мониторингі комитеті экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты іс қозғалғанын айтқан. Ол бюджет қаржысын аса ірі мөлшерді талан-таражға салды деген күдікке ілігіп, үйқамақта отыр. Кейін Біртановтың орынбасары болған Олжас Әбішев те 2 ай мерзіммен қамауға алынған болатын.

Хабар 24 телеарнасы