420,66 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс қоғамдық кеңестер туралы заң жобасын мақұлдады

  • 92
  • UPD: 13:36, 30.12.2020
Мәжіліс қоғамдық кеңестер туралы заң жобасын мақұлдады

Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы заң жобасына Сенат енгізген толықтыруларды Мәжіліс мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сенаттың ұсынысы заң жобасының мазмұнын өзгерткен жоқ. Тек ұлттық әл-ауқат қоры мен қор құрамына кіретін ұлттық компанияларда қоғамдық кеңес құру мәселелеріне қатысты өзгеріс болды. Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңес құру нормалары нақтыланды. Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру құралы болмақ.

Хабар 24 телеарнасы